Жарнама
Жаңалықтар

Қызмет көрсету мерзімі сақталмады

Атырау қаласының тұрғыны өзіне уақытша берілген жер телімінің жалдау мерзімін ұзарту үшін қала әкімдігіне жолдаған өтініміне тиісті шешім ала алмай Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне жүгінді.

Аталған департамент өкілдерінің хабарлауынша, заңнама талаптарына сәйкес, Атырау қаласы әкімдігі жер учаскесінің жалдау мерзімін он жұмыс күні ішінде ұзартуы тиіс. Алайда, бұл мерзім арыз иесінің шағымданған уақытынан бастап 22 жұмыс күніне кешіктірілген.

Өз кезегінде департаменттің жедел әрекеті нәтижесінде қызмет алушыға тиісті шешім шығарылып, мемлекеттік қызметтің оң нәтижесі берілді. Сонымен қатар қызмет көрсету мерзімін кешіктірген жауапты қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау бойынша тиісті ұсыным берілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button