Жарнама
Жаңалықтар

Қызғалдақ жұлсаңыз, қылмыстық іс қозғалады

Қызғалдақ жұлған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев айтты,- деп хабарлайды kazinform.kz.

-Бүгінде экологиялық тәрбиеміз төмен. Сондықтан мектептермен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Наурыз айында «Парктер шеруі» акциямыз басталады. Оның аясында әрбір мектепке барып, экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу жоспарымызда бар. Сол кезде Қызыл кітапқа қандай өсімдіктер, жануарлар енгенін, олармен не істеуге болатынын, болмайтындығын түсіндірмекпіз, — деді ол.

Комитет төрағасы қызғалдақты адамдар жол бойынан байқап, қызығушылықпен жұлатындығын айтады. Оның атап өтуінше, қызлғалдық жұлу фактілері өткен жылы Алматы, Жетісу, Түркістан облыстарында байқалған. Бірақ, ол қызғалдақ жұлғандарға алдағы уақытта нақты қанша айыппұл салынатындығын айта алмайтындығын жасырмады.

-Бірақ ол Қызыл кітапта болғандықтан ең бірінші кезекте қылмыстық іс қозғалады. Бұл біздің құзіретімізге кірмейді. Заң бұзушылыққа барған адамға қатысты ішкі істер органдары тарапынан іс қозғалады, — деді Данияр Тұрғамбаев. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button