БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚұқық
Қытайлықтар Қызылқоғада немен айналысып жүр? (+ВИДЕО)
Atr.kz/5 тамыз, 2019 жыл. Қытайлық азаматтар республикалық маңыздағы Ақтөбе-Атырау жолының Қызылқоға ауданындағы бір бөлігін салып жатқан болатын. Енді солардың 14-і бұл жұмысқа заңсыз тартылғаны анықталып отыр.
Миграциялық заңнаманы бұзғаны үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еске сала кетейік, жуырда әлеуметтік желіде аты шулы бейнежазба жаряиланған еді. Оның авторы аталған жол құрылысында шетелдік азаматтардың көлік жүргізуші болып жұмыс жасап жатқанын айтқан болатын.
Аман ШАМАР