Жарнама
Жаңалықтар

Қыркүйектен бастап мобильді аударымдарға жаңа ереже енгізіледі

Биыл қыркүйек айынан бастап Қазақстанда мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, — деп жазады dauletten.kz.

Жаңа ережеге сәйкес егер бір жеке тұлғаның шотына 3 ай ішінде 100-ден астам әртүрлі адамнан ақша түссе және жалпы сома 1 020 000 теңгеден (2025 жылғы ең төменгі жалақының 12 есесі) асса, бұл кәсіпкерлік кіріс ретінде қарастырылады. Мұндай транзакциялар туралы ақпаратты екінші деңгейлі банктер салық органдарына жолдайды. Салық органдары келіп түскен деректерге талдау жүргізіп, кәсіпкерлік қызмет белгілері анықталған жағдайда, азаматқа ескерту жібереді. Ескерту алғаннан кейін талапты орындауға 30 жұмыс күні беріледі.

Егер ескерту орындалмаса тақырыптық салықтық тексеру тағайындалады.

Қ.ШӘКІРОВ

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button