Жарнама
Жаңалықтар

Құтқарушылар ұлықталған күн

Биыл еліміздің азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 27 жыл толып отыр. Оның үстіне, жыл сайын қазан айының 19-ы Құтқарушылар күні ретінде атап өтілетіні белгілі.

            Осынау атаулы дата мен кәсіби мерекеге орай Атырауда сала қызметкерлерін ұлықтауға арналған шара өтті. Алдымен оларды өңір басшылығы атынан облыс әкімі аппаратының басшысы Болат Исақов құттықтады. — Құтқарушы болу – әрдайым жоғары дайындықты, үлкен жауапкершілікті, сондай-ақ кәсіби іскерлік пен біліктілікті, тиянақтылық пен қырағылықты талап етеді. Төтенше жағдайлар кезінде Отанға деген сүйіспеншілікті, құтқарушы болу абыройлы міндет, қасиетті борыш екенін терең түсінетін, жүрекпен сезінетін сіздердің қоғам алатын орындарыңыз ерекше. Бұл ретте адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі, бақытсыздық оқиғаларының құрбаны болып кетуден қорғалуы өздеріңізге жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқарып, азаматтық танытуларыңызға тікелей байланысты. Осы тұрғыда құрметті құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, тындырымды да табанды, уақытпен санаспайтын еңбектеріңіз үшін айтар алғысымыз шексіз, — деді Болат Әлмұханұлы.

screenshot 13 1

            Бұдан кейін әріптестерін Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Асхат Ержанов құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ол қызметтерінде айрықша жетістіктерімен, үздік көрсеткіштерімен ерекшеленіп, өзгелеріне үлгі болып жүрген кәсіби мереке иелерінің бір тобына облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады. Сонымен бірге олар Атырау қаласы және Құрманғазы ауданы әкімінің атынан жазылған Алғыс хаттарды иеленді. Ал, азаматтық сержанты Асыланбек Унашевқа екі бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді.

screenshot 12

            Осындай құрмет өз кезегінде Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыстық департамент басшылығы тарапынан да көрсетілді. Атап айтқанда, батылдық пен ержүректік танытқан жігіттер салалық министрліктің «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және зардаптарын жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен және «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

            Айрықшалап айтарымыз, атыраулық Евгений Русаков «Суда батқандарды құтқарғаны үшін» медалін кеудесіне тақты. Биылғы қыркүйек айының 2-сі күні 16 жастағы Евгений Владимирович Жайық өзенінің үстінде жүріп бара жатқан катамараннан құлап, суға батып кете жаздаған үш жасар баланы еш ойланбастан құтқаруға асықты. Шұғыл қарекет қылып, тез бағдарлап, дұрыс әрі шебер қимылдап, қырағылық көрсетудің арқасында қайғылы жағдайдың орын алуына жол бермеді. Сонымен бірге, ұл-қыздарын ерлікке тәрбиелеген аналар мен азаматтардың жұбайларына «Аналарға мың тағзым» медалі мен «Офицердің  жұбайы» төсбелгісі тапсырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button