Жаңалықтар
Құтқарушылар субұрқаққа аяғы қысылып қалған балаға көмек көрсетті
Атырау қаласындағы Вокзал маңы мөлтек ауданында орналасқан субұрқағында 10 жасар баланың аяғы субұрқақтың су төгетін тұрбасына қысылып, бала өздігінен шығара алмай қалған.
Осы жағдай бойынша ата-анасы құтқарушылардың көмегіне жүгінген. «Құтқарушылар балаға зақым келтірмей, арнайы құтқару құралдарың көмегімен баланың аяғын темір тұрбалар арасынан шығарды.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларына субұрқақтардағы су ойындарының жарақат алу қаупі, қауіпсіздік ережелерін сақтау, сондай-ақ оларға шомылуға жол бермеу және тыйым салу туралы түсіндіруге шақырады», — деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.