Жаңалықтар
Құрсай каналы мен Жем өзенінде не болып жатыр?
Жылыой ауданындағы жалпы ұзындығы 95 шақырымды құрайтын жоба аясында Құрсай каналы – 46,1, ал Жем өзені 48,9 шақырымға тереңдету, сондай-ақ 61 шақырымдық бөгет салу жоспарланған.
Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгінде Құрсай каналының 34,6 шақырымы, ал Жем өзенінің 30,8 шақырымы тереңдетіліп, 61 км құрауы тиіс бөгеттің үштен бірі аяқталды.
– Бұл жұмыстар 2024 жылы тамызда басталды. Бөгет Жем өзені жағасынан бастап Құлсары қаласын қоршап салынуда. Жалпы іске 450 адам мен 204 техника жұмылдырылды. Тасқынның алдын алу жұмыстарын көктемге дейін аяқтамақпыз, — деді Н. Құсайынов.