Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазыда жоғалған адам табылды

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған адам табылды.

«Бүгін Атырау облысы ТЖД құтқарушылары мен және аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен Құрманғазы ауданында жоғалған азамат Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округінен 3 км қашықтықта орналасқан Шортанбай ауылынан аман — есен табылды. Құтқарушылар, аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындардың күшімен іздестіру-құтқару жұмыстары 2 күнге жалғасқан болатын. Табылған азамат медициналық көмекті қажет етпеді. Денсаулығы қалыпты», — деп хабарлады Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Еске сала кетейік, 51 жастағы Көптоғай ауылының тұрғыны 2023 жылдың 1 қаңтар күні  үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button