Жаңалықтар
Құрманғазыда шұғыл ден қою жасағының деңгейі қандай?
Құрманғазы ауданындағы «ҚажСервис» ғимаратының автотұрағында «Қыс – 2024»республикалық штабтық оқу-жаттығу іс-шаралары аясында шұғыл ден қою жасағының — арнаулы техникалар мен жеке құрамның саптық дайындығы тексерілді.
Оқу-жаттығу жиынына Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев қатысып, жедел әрекет ету жасағының күштері мен құралдарының қысқы төтенше жағдайларға дайындығын байқады. Кейін жеке құрам мен техникалардың қатысуымен іс-қимылдарды пысықтау жұмыстары жүргізілді.
Оқу-жаттығуға 96 адам мен 31 арнайы техника қатысты. Аудандық төтенше жағдайлар бөліміне қарасты №7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды.
Дәулетқали АРУЕВ
Құрманғазы ауданы