Құрманғазыда құтқару бекеті ашылды

2106141122061780g Жаңалықтар

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержановтың айтуынша, Ресейдің Астраханмен шекаралас өңірде бұған дейін құтқару бөлімшесі болмаған.

 – Құрманғазы ауданы облыс орталығынан 230 шақырым қашықта орналасқан. Мұнда құтқару бөлімшесі болмағандықтан, төтенше жағдайлар туындаған кезде Атырау қаласынан құтқарушылардың ауданға жедел жетуі қиын еді. Енді міне, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құтқару бекеті ашылып отыр, – дейді Омар Бержанов.

Құтқару бекетінде кезекшілікті ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған. Демалыс бөлмелері мен асханасы, құтқарушылардың кəсіби дайындығын арттыруға арналған оқу сыныбы бар.

«Құтқару бекетінің қызметкерлері тек жазда су айдындарында ғана емес, жыл бойы көмекке келуге дайын болады. Сол себептен, құтқару бекетіне жол талғамайтын маркалы авариялық-құтқару құрал-саймандарымен жабдықталған 2 «УАЗ», 2 жүзу қайығы, сүңгуірқұтқару жабдықтары мен байланыс құралдары бөлінді» дейді Б.Омаров.

 Бек АЙДАРƏЛИ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз