Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазыда “QUIZ TIME” зияткерлік сайысы өтті

Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық жастар ресурстық орталығы, аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газеті редакциясының ұйымдастыруымен аталған басылымның 95 жылдық мерейтойына арналған «QUIZ TIME» зияткерлік сайысы өтті. «Бауыржан» тойханасында болған сайысқа аудандық округтер мен ұжымдардан 22 команда қатысып, бақтарын сынады.

e4a8a3eb f0e5 4079 8b6f b0497118a0c0

Шараны С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің қызметкері Алтынбек Биғалиев жүргізді.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлжаннат Қалиева сайыскерлерді құттықтап:

– «Серпер» газеті ауданымыздағы орны бөлек, терең тарихы бар, ірі тұлғаларды түлетіп ұшырған қара шаңырақ. Бүгін осы газетте жұмыс жасаған қарымды қаламгерлер Таңатар Дәрелұлы, Асқар Дүйсенғалиұлы, Мадат Хамзаұлы ағаларымыз ортамызға келіп отыр. Бұл ағаларымызды газеттің ең қиын кездерінде еңбек еткен, басылымның осындай деңгейге жетуіне зор үлес қосқан, атсалысқан азаматтар деп айтуға болады. Біздің «Серпер» газетіміз бірнеше жыл қатарынан облыстағы аудандық басылымдар арасында таралымы жағынан бірінші орында келеді. Редакция ұжымына еңбектеріңіз жанып, шабыттарыңыз тасып, биіктей беріңіздер деймін. Аудан тұрғындары сіздің газеттен жақсы жаңалықтарға қанығып, оқырмандарыңыздың қатары көбейе берсін.Зияткерлік ойында жеңіске жетіңіздер, баршыңызды бірінші орын иесі деп білемін! – деп қатысушыларға сәттілік тіледі.

ffd9fb63 3f8a 43c9 88be 373d765ae484

«QUIZ TIME» зияткерлік сайысы негізінен күрделі сұрақтарға толы алты бөлімнен тұрды. Сұрақтар мен жауаптары Атырау қаласынан алдырылып, құпиясы мұқият сақталып, ойын басталған күні ашылды. Сол себепті оның ішінде не барынан сырт көз хабарсыз. Барлық командалар ойынға белсене қатысып, жеңістен дәмелі екенін көрсетті. Ойын сұрақтары экранға шығарылып, шет жақта отырғандар көрмей қалмауы үшін жүргізуші тарапынан микрофонмен дауыстап оқылды. Қайталап та көрсетілді. Қысқасы сайысқа қатысушыларға барлық жағдай жасалды. Оларға тек сол сұрақтарды ойға салып қорытып, тиісті жауабын беру қалды.

182dd735 f527 4c78 9803 d646e8e37b15

Қызықты өткен сайыс қорытындысымен аудандық «Серпер» қоғамдық саяси газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупова қолдау көрсеткен аудандық ішкі саясат бөліміне, жастар ресурстық орталығына ризашылығын білдіріп, қатысушылардың үлкен бір тобын Алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапаттады. Редакция ардагерлері Мадат Сәрсекеев, Асқар Ғұмаров, Таңатар Дәрелов сөйлеп, жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар, сыйлықтар табыстады.

91a720ce f471 4131 914b 0b8a798bb25d

І орын мен 50 мың теңгелік сертификат біліктілігімен көзге түскен «Еңбекші UP» командасына тиді. Ұпай санымен ІІ орын мен 30 мың теңгелік сертификат Бірлік ауылдық округінің командасына бұйырды. Хиуаздық «Миға WI FI» командасы 20 мың теңгелік сертификат пен ІІІ орынды еншіледі. Өзге командалардан «Қызыл қайың», «Балықшылар үні» – 15 мыңдық сертификат, «Алты алаш», «Шамшырақ» – титан шәйнек, «Supеr Duрer» – микротолқынды пеш, «Нұржау», «IQ 200» – естелік картинкалар иегері атанды.

Қанат ҒҰМАРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button