Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазылықтар ағаш отырғызу акциясына белсене қатысты

Бүгін Құрманғазы ауданында бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу акциясы аясында кең көлемді экологиялық іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 5345

Игі бастаманың басты мақсаты – ауылдарды көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру және табиғатты қорғау мәдениетін дамыту. Ауданның барлық ауылдық округтерінде тұрғындар белсенділік танытып, көшеттер отырғызды.

Ағаш отырғызу акциясына мемлекеттік қызметкерлер, орман шаруашылығы саласының мамандары, білім және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, кәсіпкерлер, жастар ұйымдары және ауыл тұрғындары жұмыла қатысып, туған жердің ажарын арттыруға өз үлестерін қосты.

Іс-шара аясында аудан бойынша барлығы 600 түп ағаш егілді. Сонымен бірге акцияға 3000-ға жуық тұрғын қатысып, қоршаған ортаны қорғау мен жасыл желекті кеңейту ісіне қолдау білдірді.

img 5347

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көгалдандыру жұмыстары халықтың денсаулығына оң әсер етіп қана қоймай, экологиялық жағдайды жақсартуға және келешек ұрпақ үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Туған жерінің гүлденуіне үлес қосу – әр азаматтың асыл борышы екенін ескерсек, мұндай шаралар елді мекендердің көркеюіне серпін бермек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button