Құрманғазыда 87 жасар ақсақал аяқтай келіп дауыс берді

screenshot 8 6 Жаңалықтар

Темір жол торабы өтетін 5 мыңға жуық халқы бар Ақкөл ауылы ауданымыздағы көлемі жағынан екінші тұрған үлкен елді мекен.

Осындағы №181 сайлау учаскесінде (төрайымы Жаннат Сидеғалиева, 1270 сайлаушы тіркелген) таңертең бірінші болып Ганюшкино теміржол шекаралық бақылау бөлімшесі бақылаушысы Гүлбану Адиева дауыс берген екен. Сағат 10-ға дейін 372 адам өз таңдауын жасап үлгерді. Солардың қатарында ең жасы үлкен сайлаушы, мемлекеттік қызметтің ардагері Зинеден Исмағұлов өзгелерге үлгі көрсетіп, алғашқылардың бірі болып, аяқтай келіп, дауыс жәшігіне сайлау бюллетенін салып, таңдауын жасап кетті.


Қанат ҒҰМАРОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз