Құрманғазы ауданындағы Ақкөл ауылында 300 орындық мектеп салынады

0 20 Білім

Құрманғазы ауданында 6 әлеуметтік жоба қолға алынған.

Осылайша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 300 адам жол құрылысына, одан бөлек, биыл алыс ауылдарда балабақша құрылысы, ауылішілік жолдар, ауыз су құбыры секілді жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға 200-ге жуық адам тартылды.

Болашақта Ақкөл ауылында 300 орындық мектеп салу жоспарланған. Сол сияқты, Балқұдықта мектеп жанынан 100 орындық асхана құрылысы жүргізілуде. Ал, Сүйіндіктегі интернат күрделі жөндеуден өтуде .

Оған қоса, Құрманғазы ауылындағы орталық стадионды қайта жарақтандыру басталады. Ауданда еңбекке жарамды, жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмысқа тарту мақсатында «Жол картасы» жасақталып, жаңадан іске қосылған әлеуметтік жобалар бойынша тағы да 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Соның ішінде Үштаған-Асан-Сүйіндік су құбыры мен Құрманғазы-Азғыр күре жолының құрылысы да бар. Аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың сөзінше, бұдан бөлек «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарланып, оған қатысушыларға мемлекет есебінен грант бөлу қарастырылған.

 Бірінші кезекте 80 адамды грантпен қамту жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде солардың тең жартысы грантты иеленіп, өз бизнестерін бастауда. Жыл соңына дейін осы мақсатқа бөлінген қаражатты толықтай игеру көзделіпті.

 Дәулетқали АРУЕВ

https://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-oblysynda-220-shaqyrymnan-astam-avtokolik-zhane-115-zhaяu-zhurginshi-zholynyn-qurylysy-zhurip-zhatyr/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз