Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазы ауданында жыл басынан бері 1567 адам жұмыспен қамтылды 

Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мурзиев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

-Құрманғазы ауданында 10 ай ішінде 1567 адам жұмыспен қамтылған. Есепті мерзім соңында тіркеуде қалған жұмыссыздар саны – 1627 адам, жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады. Осы орайда 1611 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 775-і тұрақты, 836-сы уақытша. Оның ішінде көктемгі балық аулау маусымында 6 мекеме белгілеген лимит көлемінде жұмыс жасап, 1097 жергілікті тұрғын тұрақты және маусымдық жұмыстарға тартылған болатын,— деді М.Мурзиев. 

Сонымен қатар аудан әкімінің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекті 188 отбасындағы 1088 адам алған. Аталған отбасыларға бюджеттен 40 млн 900 мың теңге қаржы төленіп отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button