Жаңалықтар

Құрманғазы ауданында 60 пәтерлік тұрғын үй бой көтеруде

Биыл Құрманғазы ауданында жыл басталғалы құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Атырау облыстық құрылыс басқармасының тапсырмасына сәйкес, Кадырка ауылында 60 пәтерлік 3 қабатты тұрғын үй салынуда.

«NCOC» мекемесiнiң демеушілігімен Еңбекші ауылдық округіне қарасты Кадырка ауылында 60 пәтерлік 3 қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Биыл құрылыс жұмыстары толық аяқталады. Баспананың кілті қолданыстағы “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңға сәйкес кезекке тіркелген азаматтарға табысталады» дейді Құрманғазы ауданы құрылыс бөлімінің бас маманы Мұратбек Асқарұлы.

Бүгінде Құрманғазы ауданында барлығы 1 100 азамат тұрғын үй кезегінде тіркелген.

Бұдан бөлек ауданның ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту мақсатында жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары тұрақты жүруде және коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына ЖСҚ жасақталуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button