Құрманғазы ауданына жаңа әкім тағайындалды

img 20210318 wa0122 Жаңалықтар

«Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жергілікті активке ауданның жаңа басшысын таныстырды» деп хабарлайды Atr.kz

ҚР Президентінің әкімшілігі сондай-ақ аудандық мәслихаттың келісімімен Құрманғазы ауданының әкімі болып Марат Бисенғалиұлы Мурзиев тағайындалды.

Марат Мурзиевтің басқарушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол екенін атап өткен аймақ басшысы жаңа әкімге ауданның экономикасы мен инфрақұрылымын дамыту мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға қатысты бірқатар тапсырмалар беріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Ауданды 2 жылдай басқарған Нұртаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Құрманғазы ауданы әкімі лауазымынан босатылды.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов осы аралықта ауданда біраз жұмыс жасалғанын атап өтіп, оған атқарған қызметі үшін ризашылығын білдірді.

img 20210318 wa0123

Марат Бисенғалиұлы Мурзиев 1981 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық                         заң университетін үздік бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы Атырау қаласы табиғат қорғау прокурорының көмекшісі болып бастаған.
2006-2008 жылдары әртүрлі жеке кәсіпорындарда басшылық қызметтер атқарған.

2009-2010 жылдары – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің кеңесшісі, 2010-2011 жылдары – Білім беру басқармасының бөлім басшысы.  

          
2011-2012 жылдары – Атырау облысы әкімінің аппараты Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, 2012-2013 жылдары –  Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2013-2017 жылдары – Атырау облысы Тексеру комиссиясының төрағасы, 2017 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Исатай ауданының әкімі қызметін атқарды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз