Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазы ауданы Жұмекен ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы аяқталды

Бұл туралы Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Жұмекен ауылындағы 113 жер учаскесіне инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылым, яғни су, газ, электр желілері жүргізіліп, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

-Нысан Еңбекші ауылдық округі әкім аппаратына балансқа берілді. Аталған округке қарасты Жұмекен ауылында жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 243 жеке тұлға кезекке тіркелген. Желтоқсан айынан бастап үй кезегінде тұрған азаматтардың 113-не жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесі кезектілікпен беріледі, деді Еңбекші ауылдық округінің әкімі Жасқайрат Хамзин.

Айта кетейік, Еңбекші ауылдық округіне Жұмекен, Қошалақ, Дәулеткерей, Кадырка елді мекендері қарайтын болса, мұндағы халық саны 3860 адам.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button