Жарнама
Жаңалықтар

Құрбан айтта неше күн демаламыз?

2023 жылы қасиетті Құрбан айт мерекесі 28 маусымда басталатыны белгілі болды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті. 

Кестеге сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымда басталып, 30 маусымда (үшінші күні) аяқталады. 

Құрбан айттың негізгі мақсаты – Алла разылығы үшін құрбандыққа мал шалу. Бұл мереке қарсаңында миллиондаған мұсылмандар Арафат жазығында құлшылық етіп, дұға оқиды.

«Құрбан» сөзі араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал діни терминдік мағынасы «шарттарымен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды.  Құрбан айтта құрбандыққа мал шалу — Ханафи мәзһабында шамасы жеткендерге ғана уәжіп, яғни міндет.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button