Жарнама
Жаңалықтар

Құқықтық оқытулар тұрақты түрде жүргізілуде

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі – заңдылық қағидаты.

Сонымен қатар, мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту болып табылады.

ddde2cbf 0bba 4221 a2cd 42b9855d8088

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi, қызметтік әдепті сақтауға және функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

Осыған сәйкес, мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазымға кірген күннен бастап мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қабылдайды.

Бұл орайда, департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Д.Китенбаевамен 
Атырау қаласы әкімінің аппараты, Атырау қаласына қарасты ауылдық округ әкімдерінің орынбасарлары және дербес бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптары туралы өзекті мәселелерге қатысты кездесу ұйымдастырылды. 

Аталған кездесу барысында, ойын мекемелеріне барумен немесе ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға барудың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің 02.09.2024 жылы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ойын мекемелеріне барумен немесе ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысуымен байланысты бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары» жасақталып, бекітілгені және қазіргі таңда тиісті деңгейде шаралардың орындалысы туралы баяндалды.

Бұдан өзге, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік меншікті, оның ішінде, қызметтік автокөлікті нысаналы мақсатына сай пайдалну міндеттілігі, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері мен жұмыс уақыты режиміне қатысты ақпарат айтылды.

Кездесу соңында, сұрақ-жауап алмасу жүзеге асырылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

​Аталған бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button