Құқықбұзушылыққа жол жоқ

atyrauaerodrome Жаңалықтар

Атырау қаласындағы Х.Доспанова атындағы халықаралық әуежайының Желілік полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлерімен бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді.

Атап айтқанда, жыл басынан мүлдем төзбеушілік қағидатына сәйкес 50-ге жуық ҚР ӘҚБтК-не сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Басым көпшілігіне айыппұл салынып, тиісті жаза қолданылған. Көп бөлігі – ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес (қоғамдық орындарда имандылыққа нұқсан келтіретіндей масаң күйде келу) құқықбұзушылықтар.

Сондай-ақ, жыл басынан шетел азаматтарына қатысты барлығы 3 әкімшілік іс қаралып, тиісті жаза тағайындалды.

Өз кезегінде көлік полицейлері әуежайға келіп-кетуші жолаушыларға тазалық сақтап, құқықбұзушылықтарға жол берілмеуін ескертеді.

Атырау қаласы Х.Доспанова атындағы халықаралық әуежайының Желілік полиция бөлімшесі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз