
Жаңалықтар
Құлсарыдағы өрт: Облыс әкімі жедел штаб отырысын өткізді
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы “Ниет” жанар-жағар май құю бекетіндегі өрт пен жарылысқа қатысты жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір зардап шеккендер түрлі деңгейдегі күйік жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Аймақ басшысының тапсырмасымен Атырау қаласынан күйік орталығының мамандары медициналық көмек көрсетуге қосымша күш ретінде жіберілді.
Облыс әкімі төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке оқиға орнындағы іс-шараларды толықтай үйлестіруді, өртті оқшаулау және салдарын мейлінше азайтуды, сондай-ақ өрт аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды.