Жарнама
Жаңалықтар

Құлсарыда тұрғындар төтенше жағдай бойынша қоғамдық штаб құрды

Өткен жексенбі 14 сәуірде Жылыой ауданының орталығы — Құлсары қаласында қоғамдық штаб жұмысын бастады. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Штаб құрамына ауданның қоғамдық белсенділері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, жастар көшбасшылары мен кәсіпкерлер кірді. Ауданның құрметті азаматы Ербол Дәулетбаев қоғамдық штабты басқаруда.

ТЖ жөніндегі қоғамдық штаб құрудың мақсаты — өңірлерде тұрғындармен тиімді коммуникациялар құру, су тасқынынан зардап шеккендерге консультациялар беру және әлеуметтік шаралар туралы кеңінен ақпарат беру.

Бұған несие мен ипотека төлемдерін кейінге қалдыру, тұрғын үй үшін өтемақы төлеу, бір реттік материалдық көмек, бүлінген мүлікке өтемақы төлеу, үйлерді жөндеу және қалпына келтіру және басқа мәселелер кіреді.

ТЖ жөніндегі қоғамдық штаб Махамбет даңғылы, N9 орта мектеп акт залы мекен-жайы бойынша орналасқан.

Штабтың жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button