![Құлсарыда автокөлік көпірі жабылды 1 img 20240403 wa0123 scaled](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/04/img-20240403-wa0123-scaled.jpg)
Жаңалықтар
Құлсарыда автокөлік көпірі жабылды
Құлсары қаласында «Достық» ықшамауданы мен 5-учаске аралығындағы автокөлік көпірі жабылды.
Жылыой ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірдегі су тасқыны қаупінің алдын алу жұмыстарына 60-қа жуық техника жұмылдырылуда.
Жем өзенінен келетін су деңгейінің көтерілуіне байланысты, қала ішінде және ауданға қарасты ауылдық округтердегі әлсіз аумақтарды нығайту жұмыстары жасалып жатыр.
-Бұл жұмыстарға 60 шақты техника, 1000-нан астам әкімдік қызметкері, төтенше жағдай бөлімі мен еріктілер де жұмылдырылуда. Сондай-ақ аудан бойынша 7000-нан астам қап топырақ толтырылып, жағаға қойылды, — делінген баспасөз хабарламасында.