Жарнама
Жаңалықтар

Құлсарыда автокөлік көпірі жабылды

Құлсары қаласында «Достық» ықшамауданы мен 5-учаске аралығындағы автокөлік көпірі жабылды.

Жылыой ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірдегі су тасқыны қаупінің алдын алу жұмыстарына 60-қа жуық техника жұмылдырылуда.

Жем өзенінен келетін су деңгейінің көтерілуіне байланысты, қала ішінде және ауданға қарасты ауылдық округтердегі әлсіз аумақтарды нығайту жұмыстары жасалып жатыр.

-Бұл жұмыстарға 60 шақты техника, 1000-нан астам әкімдік қызметкері, төтенше жағдай бөлімі мен еріктілер де жұмылдырылуда. Сондай-ақ аудан бойынша 7000-нан астам қап топырақ толтырылып, жағаға қойылды, — делінген баспасөз хабарламасында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button