Жаңалықтар
Құлсарыда 500 үйге электр жарығы берілді
«Жылыой аудандық электр жүйесі» АҚ басшысы Марат Таңатарұлының айтуынша, тасқыннан кейінгі Құлсары қаласында күніне 60-100 үй электр тогына қосылуда.
«Су тасқынына байланысты 5 сәуірде Құлсары қаласы бойынша он ықшамауданда жарық өшірілген болатын. Қазір су бармаған, құрғақ жерде тұрған 500 үйге электр жарығы берілді. Жағдайды жедел қалыпқа келтіру мақсатында уақытша трансформаторлар да орнатылуда. Жарықты қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін, Құлсары қаласында тәулік бойына күніге төрт бригада, сегіз арнайы техника жұмыс істеуде» деді,- «Жылыой аудандық электр жүйесі» АҚ басшысы Марат Таңатарұлы.
Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы