Жаңалықтар
Құлсары қаласында тұрғын үйдің орнына дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады
Құлсары қаласы тозығы жеткен бес қабатты тұрғын үйдің орнына дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынатын болды. Бұл туралы Жылыой ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
№1 ықшам ауданындағы №27 тұрғын үй мемлекет мұқтажы үшін алынып, 60 пәтердің иесіне өтемақы төленген.
-Ауданы 1615,19 шаршы метрді құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жобасы дайын. Мемлекеттік сатып-алу заңына сәйкес конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталды. Мердігер мекеме «ГрадСтройСервис» ЖШС. Қазіргі таңда үйді бұзу жұмыстары жүріп жатыр, — деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қазбек Ағыраев.
Оның айтуынша, жаңа спорт кешенінде кіші футбол, бокс, күрес, волейбол залы қарастырылған. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.