Жаңалықтар
Құлсары-Доссор тасжолы жабылды
Бүгін Атырау облысы аумағындағы республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 103 шақырымы тұсында яғни, Құлсары қаласынан 20 шақырым қашықтықта тасқын судың жолды басып кетуіне байланысты Құлсары-Доссор аралығындағы қозғалыс толықтай тоқтатылды.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
–Жолдар қалыпқа келгенше бұл бағытта шықпауларыңыз, қауіпсіздікке мұқият болуларыңыз сұралады. Қазір су басқан тасжолдың бойында патрульдік полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын атқаруда. Аталған тасжолдың қозғалысына қатысты деректер әлеуметтік желідегі ресми парақшалар мен БАҚ беттерінде жарияланатынын қаперіңізге береміз! — делінген баспасөз хабарламасында.
Мәлике МӘЛІК