Жарнама
Жаңалықтар

Құлсары «Болашаққа» үмітпен қарайды

Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін салынып жатқан 100 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүруде. 

Облыстық құрылыс басқармасының бас маманы Ернар Қадырбайдың айтуынша, тұрғын үйдің іргетасы монолитті құйылмалы темір бетоннан, сыртқы қабырғасы 40 см, ішкі қабырғасы 20 см. болатын ақ тастан салынады. Ал, сыртқы қасбетіне декоративті полифасад орнатылса, төбе жабындысы металл төсеніштерімен жабылады. Жұмыс жүріп жатырған учаскеде құрылыс материалдары жеткілікті. 

– Қазіргі уақытта жоспарлы 100 үйдің 90-ының құрылысы қарқынды жүруде. Оның ішінде 51 үйдің іргетасы құйылып, 21 үйдің тас қалау жұмыстары аяқталып, төбе жабындысын жабу жұмыстары басталды. Сондай-ақ қосымша 21 үйдің іргетасын қалауға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әрбір учаскеде құрылыс жұмыстарына 40-50 адам жұмылдырылған, — деді Е.Қадырбай. 

Болашақ шағынауданындағы үйлер облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржыландыруымен жүргізілуде. Бұл жұмыстар қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған.

Бек АЙДАРӘЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button