Жарнама
Жаңалықтар

Құлаған ескерткішке кім жауапты?

СЕЙСЕНБІ КҮНІ «АВАНГАРД» ШАҒЫНАУДАНЫНДА НӨСЕР ЖАУЫН МЕН ҚАТТЫ ЖЕЛДІҢ САЛДАРЫНАН «ЖЕҢІС» САЯБАҒЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШ ҚҰЛАП, СОНЫҢ САЛДАРЫНАН БІР ОТБАСЫНЫҢ 2015 ЖӘНЕ 2017 ЖЫЛЫ ТУҒАН БАЛАЛАРЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНА ТҮСКЕН БОЛАТЫН. ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРЖАН ЕСБОЛАЕВТЫҢ АЙТУЫНША, АУРУХАНАҒА БАЛАЛАРДЫ ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫ АЛЫП КЕЛГЕН.

– 2017 жылғы қыз бала кеуде, іш, жамбас қуысы жарақаты мен көп қан кету, күрделі сынықтарының салдарынан травматологиялық шок жағдайында жансақтау бөліміне жатқызылды. Алайда, жарақатының ауырлығына байланысты тиісті ем-шаралар көрсетілгенімен пациент қайтыс болды. Екінші жарақат алған баланың қолының жабық сынығына гипс салынып, ауыз қуысы мен бет жарақаты таңылып, емшаралар көрсетілді. Науқас амбулаториялық бақылауда болады, ол ауруханада жатып емделуді қажет етпеді, — деді Ержан Жұмашұлы.

Бүгінде осы оқиғаға байланысты жан-жақты тергеу амалдары басталған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сот-медициналық сараптамасы тағайындалып отыр. Сондай-ақ, куәгерлер мен қасында болған ата-анасына қажетті тергептексеру амалдары жүргізіліп, жауаптары алынуда. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Қазіргі уақытта қала әкімінің тапсырмасы бойынша барлық ескерткіштің аумағы қоршалып, техникалық сараптама тағайындалған.

«Жеңіс» саябағындағы қоладан құйылып, тұғыртасы граниттен жасалған ескерткіш бұдан төрт жыл бұрын орнатылған еді. Ескерткіштер Екінші дүниежүзілік соғысына қатысып, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы мен «Даңқ» орденінің толық иегері атанған майдангерлерге арналып тұрғызылған болатын. Сол кезде бұл жұмыстарға бюджеттен қаржы шығарылқандығы, толығымен жергілікті 14 компанияның демеушілігімен жасалғандығы айтылған еді.
Ұлыларға арналған мүсіннің ұл-қыздарымыздың үстіне түсіп, өмірін үзуге себепші болғаны өкінішті.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button