Жарнама
Жаңалықтар

Қос ғашық Отбасы күнінде жаңа өмірге қадам басты

Атырау өңіріне есімі жақсы таныс, көп жылдан бері облыстық телеарнада еңбек етіп жүрген телеоператор Айбек Ғалымов жуырда шаңырақ көтерді. Ол Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қызмет ететін арумен бас қосты. Жас жұбайлардың қуанышына арналған той Исатай ауданының Зинеден ауылында өтті.
Бұл қуанышты сәттің тағы бір ерекшелігі – қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күні қарсаңына дөп келуі.

09afa0e0 aedc 4a3e bbda 9ace2133a312

Осылайша Айбек анасы мен әулетіне үлкен қуаныш сыйлап отыр. Әкесі дүниеден ерте озғанымен, анасы ұл-қыздарын ешкімнен кем қылмай тәрбиелеп, қатарға қосты. Бүгінде ана еңбегі ақталып, ұл-қыздарын аяқтандырып отыр. Кенжесі Айбектің азамат болып, шаңырақ көтергеніне куә болды.

Айбек бұл қуанышты сәтінде жүрекжарды сөзін арнап, жылы лебізін білдірді.
– Отбасы құру – адам өміріндегі ең маңызды әрі жауапты қадамдардың бірі. Әкеміздің орнын жоқтатпай өсірген анамыздың ақ сүтін ақтап, шаңырақ көтеру – біз үшін үлкен мәртебе. Жаңа өміріміз қуаныш пен берекеге толы боларына сенемін, — дейді ол.

d11f35df 1035 405e 8576 e92bb6200312

Осылайша, жас отбасының жаңа өмірге қадам басуы мерекенің мәнін арттыра түскендей. Жас жұбайларға берекелі ғұмыр, татулық пен баянды ғұмыр тілейміз.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button