Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

«Қоршаған ортаға әсерді азайту үшін Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа технологияларды қолдануы қажет»

Atr.kz/29 қараша, 2019 жыл. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Атырау мұнай өңдеу зауытында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Облыс әкімі жұмыстардың экологиялық қауіпсіздігі, өндірістік көрсеткіштер және зауыт қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуы мәселелеріне  басым назар аударды, — деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.​

Өңір басшысы зауыттың  қызметкерлері біліктілігін арттырып, аттестациядан өтетін оқу орталығымен танысты. АМӨЗ бас директоры Шухрат Данбай хабарлағандай, үш кезеңнен тұратын, өндірістік персоналды аттестациялау аяқталған. 1120 адам(персоналдың 92%) жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Сондай-ақ, бұнда қызметкерлер тәлімгерлік бағдарламасы бойынша кәсіби дайындықтан өтеді. Сөйтіп, АМӨЗ енгізілген менторлық жүйе жас мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Зауыттың бас директоры атап өткендей, зауытта заманауи технологиялар бар, енді солармен жұмыс істеу үшін, мамандарды, әсіресе инженерлік құрамды сақтау қажет. Зауыт басшысы келесі жылы зауыт үшін тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 100 қызметкер жаңа пәтерлер алатынын айтты.

— Қазір тұрғын үй бағдарламасы, жалақы бойынша жүйелі жұмыстың арқасында кадрлардың кетуі тоқтады. 2019 жылы жалақыны 14% көтердік. Бүгінде біз ТШО, НКОК стандарттарына жақындап келеміз,- деді Ш.Данбай.

Зауытты аралау кезінде облыс әкіміне өнеркәсіптің 2019 жылғы өндірістік көрсеткіштері туралы баяндалды. Биыл 10 ай ішінде 4408 мың тонна шикізат өңделді, келесі жылы бұл көлем тағы 1000 тоннаға ұлғайып, жалпы көрсеткіш 5 млн 400 мың тоннаға жетпек.  973 мың тонна бензин, 1274 мың тонна дизельді отын, 81 мың тонна реактивті отын, 19 мың тонна бензол, 89 мың тонна параксиол өндірілді.​ ​ ​

Ағымдағы жылы к-5 экологиялық классындағы жоғары октанды автобензин өндірісі басталды. РТ маркалы авиаотынын шығару 2,5 есе өсті. К-5 экологиялық классындағы АИ-92 маркалы автобензин еуропалық нарыққа экспорттала басталды. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Зауыттың өндірістік алаңын қарау кезінде облыс әкімі ашық жинау-тоғандарындағы мұнай шламына назар аударды. Жарты ғасыр бойы пайдаланылып келе жатқан бұл ескі технология қоршаған ортаға теріс әсер етеді.

Келесі жылы жаңадан жабық механикалық тазарту қондырғыларын салу жоспарланып отыр. Нұрлан Ноғаев мұнайды жинаудың қазіргі ​ заманауи тәсілдерін қолдануды тапсырды.

— 2005 жылы Татарстанда болдым. Зауытта демалу клапандарына түсетін газдар, жылына 700 мың тоннаға дейін мұнай алуға мүмкіндік береді. ​ Сондықтан, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін жаңа технологияларды қолдану керек. Бұл жұмыстар сіздерде енді басталып жатыр, шапшаңдату қажет,-деді өңір басшысы. ​

АМӨЗ қызметіне қатысты экологиялық проблемалар зауыт басшылығының өзін де алаңдатады. Шухрат Данбай АМӨЗ бас директоры болып тағайындалғасын, облыс әкімі зауыттың қоршаған ортаға әсерін азайту шараларын күшейту жөнінде тапсырмалар берді.

Осы жылдың сәуірінде АМӨЗ «TAZALYQ» атты ағын суларды тазарту құрылғыларын модернизациялау жобасын ұсынды. ​ Ол қоршаған ортаны ​ қорғауға, экологияны жақсартуға, халықтың экологиялық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Тазарту құрылғыларын модернизациялау төрт кезеңде іске асырылмақ: механикалық тазарту құрылғыларының блогын салу; биологиялық тазарту құрылғыларын модернизациялау; қосымша тазалау блогын салу; механикалық тазарту құрылғыларының қосымша блогын салу.

Облыс әкімдігімен бірлесіп булану алаңдарына су айдаудың жабық жүйесін салу, булану алаңдарын кезең-кезеңімен​ рекультивация жасау жоспарланып отыр. ​Бұл туралы, облыс әкімдігі мен компания арасында ағымдағы жылдың 17 қарашасы күні меморандумға қол қойылды. АМӨЗ ұжымымен кездесуде облыс әкімі ​ экологиялық қауіпсіздікке қатысты тұрғындардың алаңдауы туралы мәселеге тағы да тоқтап өтті.

​ ​- Экологиялық қауіпсіздікке қатысты тұрғындар арасында зауыттың қызметі туралы теріс пікір қалыптасқан. Бұл – күн тәртібінен түспейтін мәселе. ​ ​ Сіздерде жаңа технологиялар енгізіліп жатыр, бірақ қазіргі ластау көздері бойынша дәйекті шаралар алу қажет. Ағын суларды тазарту құрылғыларын модернизациялау жобасы маңызды, оны аяғына дейін жеткізу қажет. Қоршаған ортаға деген әсерді азайту үшін Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа технологияларды қолдануы қажет,- деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button