Қоныстанудың халі қалай?

92521b9a 6576 435c 8308 c9773f2эzэdcb9e 1 Жаңалықтар

Қызылқоға ауданы Көздіқара ауылдық округіне қарасты Қоныстану ауылы да Миялымен шектеседі. Су тасқынына  байланысты мұндағы қазіргі ахуал туралы ауылдық округ әкімі Ернар Ізімовке хабарласып білдік.

–Егер тасқын кезінде топан су келсе Қоныстану бұрыннан да қауіпті аймаққа жатады. Бірақ бұған дейін ауылға су кіріп көрмеген. Қазіргі жағдайға байланысты мұндағы ахуал тұрақты. Тасқыннан келер қауіптің алдын алу мақсатында ауыл іргесінде 3 шақырымға жуық бөгет соғылды. Оған қосымша топырақ толтырылған 4 мыңға тарта қап салынды. Қазір бөгет тағы 2 мың қап топырақпен нығайтылып жатыр. Су тасқынынан қорғанудағы жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп, жағдай тұрақты бақылауға алынды. Аудан әкімдігімен сәт сайын байланыстамыз, – дейді Ернар Қадырұлы.

Оның айтуынша, қазір қажетті жұмыстардың барлығы кезекшілікпен үздіксіз жалғасуда. Әзірге келіп жатқан су өз арнасымен ағып жатыр.

Айта кету керек, бүгінде Қоныстануда 1529 тұрғын бар. Оның ішінде отбасы саны 322-ні құрайды. Сонымен қатар ауылдық округке қарасты Бүйрек елді мекенінде – 107, Қосқұлақта 108 тұрғын тіркелген.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Қызылқоға ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз