Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қолында – мылтығы, қалтасында – қаламы

Ұлы Отан соғысы жылдарында баспасөздің рухани биіктігі, соның ішінде майдан мен тылдағы ерлік істі насихаттаудағы рөлі ерекше үстем болды. Сол бір қаһарлы жылдарда майданға аттанған журналистер туған елін, халқын неміс фашистерінен қарумен де, қаламмен де қорғауға жұмыла аттанды. Солардың бірі журналист – Жолдас Аймұратов.

Ж о л д а с Т ұ р ғ а л и ұ л ы Аймұратов 1911 жылы шілде айында, Гурьев облысы Бақсай ауданы, Талғайраң ауылдық кеңесіне қарасты Соколок поселкесінде кедей-шаруа отбасында дүниеге келеді. Соколок мектеп-интернатында орысша оқып, бітірген соң 1930 жылы жаңадан ашылған Гурьевтегі мұнай техникумына оқуға түседі. Алайда, сол кездегі директор Есмурзин «халық жауы» деп танылғасын, техникумнан ауылда өскен балаларды мұнайға қатысы жоқ деп шығарып тастайды. Солардың қатарына Жолдас та ілінеді. Бірақ, білімге құштар бала ізденумен болады. Оқу іздеген арманы орындалмаған соң, балаң жігіт бірден еңбекке араласады. Сөйтіп, Гурьев ауданаралық балықшы колхоздар одағына жұмысқа кіріп, балықшылар өмірінен «Ленин жолы» газетіне үзбей мақала жазады. Сол тұста 1931 жылы 4 қазан күні Атырау балық-құты комбинатының іргетасы қаланады. Құрылысты ленинградтық маман, кейін тұңғыш директоры болған Виктор Иванович Рябов басқарады. Ж.Т.Аймұратовтың қаламынан туындаған балықшылар өміріне а р н а л ғ а н і р і л і — уа қ ы т ы л ы ма қ а л а л а р ы ж а р и я л а н ы п , үкіметтің қаулы-қарарларын түсіндіруге, балық колхоздарына ұйымдасудың қажеттілігін бұқара арасында насихаттауға белсене араласты. Газеттер комбинат жұмысшылары мен теңізден балық аулаушылар арасында кеңінен таралды. Теңіздегі балықшыларға арнап жазғы-күзгі маусымдарда социалистік жарысты өрістетуге шақырған «Большевиктік пут и н а » а т т ы ү н п а р а қ т ы шығаруға да жауапты болды. Кейін Ж.Т.Аймұратов Гурьев округтік «Социалды құрылыс» газетінде ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшылығына тағайындалады. Сол жылдары мемлекетке тапсырылатын балық аулауды күшейту үшін қазақ тіліндегі елеусіз қалмады. Ж.Т.Аймұратов 1939 жылдың қысында Мәскеу қаласында өткен баспасөз қызметкерлерінің бірінші съезіне делегат болып сайланады. Бөлім меңгерушілігін атқарған тұста Гурьев облыстық «Социалистік құрылыс» газеті ауыл шаруашылығы мәселелерін жазудағы жемісті қызметі үшін 1940-1941 жылдары Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің (ВДНХ) арнайы дипломымен марапатталды. Ұлы Отан соғысы басталған тұста Ж.Т.Аймұратов Ақтөбе қаласына саяси қызметкерлер дайындайтын курсқа жіберіліп, майдан газеттері бойынша білімін жетілдіреді. 1941 жылдың соңы мен 1942 жылдың басында Ақтөбеде 101-ші атқыштар бригадасы құрылады да, оқуды №194. Оқы да, жолдасыңа бер! Ал, соңғы бетінде: Жауапты редактор Ж. Аймұратов. Редакцияның адресі: 1746 полевая почта, часть 68» деп көрсетіліпті. Газет беттерін ақтара отырып, 1941-1945 жылдарда Отанымыздың сан мыңдаған ұл-қыздары жаумен күресте төтенше батырлық танытып, сан мәрте ерліктің үлгілерін көрсеткеніне үңіле түсесің. Сол бір қаһарлы күндерде майдан даласында машинаға тиелген баспахана құралдарымен көшіпқонып газет тұрақты шығып тұрды. Газеттің мазмұнды, көркем жарық көруіне бригаданың саяси жетекшісі, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің өзі басшылық жасаған болса, кейін атақты ақын-жазушылар болып танылған Асқар Закарин, Мұзафар Әлімбаев, Дихан Әбілов, Құланбай Көпішев осы майдандық газеттерде жұмыс жасаған. Майдандық газет екі күнде бір шығып, жарық көрген материалдар көркемдігімен, аз сөзбен көп мағына берумен жауынгерлердің еңсесін көтерді. Өз естелігінде майдангер редактор былай деп жазады: «Сөйтіп жүргенде, біздің бригаданы таратты да, газетімізді жапты. Енді біз тұтас майданға арналған қазақ газетін шығаратын болдық. Менен бұрынғы редакторы кейін белгілі қаламгер болған Сәду Машақов екен, мен қызметін қабылдап, майдандық газет шығарудың қатқабат жұмысына кірісіп кеттім. Редакцияның жүк машинасына әріп қораптарын тиеп алып, соғыс ыңғайына қарай орын өзгертіп отыратын едік. Кеңес әскерлері Жапония самурайларын тірсектей қуып, шығысқа беттегенде біз де солай бағыт алдық. Мәлік Ғабдулиннен үш күнге рұқсат сұрап жолай үйге соққаным есімде».

 Ж а у а п т ы р е д а к т о р Ж.Т.Аймұратов жетекшілік жасаған газеттер беттерінде майданда қан кешкен жауынгерлердің ерлік жолдары, олардың тыныстіршілігі, тіпті көңілді демалыстары мен асхана жұмыстары туралы хабарларды ризашылықпен оқисың. Авторлары да майдан даласындағы қызыл жауынгерлер. «Отан үшін» қызыләскерлік газеттің 1942 жыл 8 желтоқсан күнгі, сейсенбі, №194 санында «Қазақ артистері майданда» деген мақала жарияланыпты: «Біздің майдан участогына Қазақстан артистері келді. Олардың ішінде республиканың халық артистері Өмірзақов Елубай, Елебеков Жүсіпбек, биші Тұрымбетова жолдастар бар. Бригаданың репертуарында: Әскери өлеңдер, халық өлеңдері, күлкі сықақ және хормен айтылатын нөмірлер бар». Майдандық газеттің әр санында жауынгерлердің ерлік жолдары жатыр. Дұшпанға деген мейірімсіз болуға шақырып, әскери әдісайла танытқан жауынгерлерді мақтан тұтқан. Газеттің әр жолын үнемдей бетке қысқа, мазмұнды мақалаларды орналастырудағы жауапты редактордың журналистік шеберлігіне еріксіз тәнті боласың. Мысалы, «Отан үшін» газетінің 1943 жыл 15 қаңтарда жарық көрген санында бірінші бетінде «Жауға қатал, рақымсыз болыңдар!» деген айдарға 6 материалды орнықтырған. Бет шебер құрылған. Тақырыптары да ұрандап тұр. Сол материалдың біріне тоқтала кетсек: «Үлкен лейтенант Қожмұханов атыс п о з и ц и я с ы н ө т е ж а қ с ы , шеберлікпен ұйымдастырды. Позиция араларындағы траншей терең қазылып, оның маскировкасы қысқы жағдайға сәйкес орнатылған. Әр расчет белгі орнында атысқа дайын. Атыс позициясын мұндай шебер құрған батареяның жауынгерлері Шынтеміров Нәсіпқали, сержант Шолақов, Жақсылықов, Ермолин жолдастар командирлерінен бірнеше рет алғыс алды. Кіші лейтенант Шоханов». «Отан үшін» қызыләскерлік газеттің 1943 жыл 15 ақпандағы санында лейтенант Ш.Қарамергеновтың « Н а г р а д а л ғ а н д а » д е г е н мақаласында фрицтерді шөптей оқпен жаншыған қатардағы жауынгердің награда алғандағы тебіренісі былай суреттеледі: «Жауынгерлер әдемі киініп сапта тұр. — Наградталғандар бері шығыңыздар, — деді командир Жантеміров жолдас. Сап түзеп тұрған жауынгерлерге бетін бұрып тұрып. Б і р і н е н с о ң б і р і а л ғ а шығып, беттерін сапқа қарата, наградталғандар қатарласып т ұ р ы п а л д ы . О л а р д ы ң омырауларындағы жарқыраған ордендері мен медальдары алда тұрған жауынгерлердің көзіне шағылысып, азаттық жолындағы жеңіске шақырып тұрғандай…». «Отан үшін» газетінде фашист басқыншыларымен қаһармандық күресте жауынгерлік рөл атқарып алдыңғы сапта болған журналистік жанрлар: публицистика, поэзия, сықақ, памфлет, шолу, корреспонденция, заметка және тағы басқалары бой түзеді. Ол тақырып бір бөлек әңгіме. Әрине, соғыс жылдарында поэзия ерекше өрістеді. Газет беттерінде кеңестік жауынгерлердің теңдесі жоқ ерліктері ақындар өлеңінде жарқырай көрінді. Солдат жайын бейнелейтін, соғыс өртін суреттейтін Мұзафар Әлімбаевтың тырнақалды өлеңдерінің тұсауы кесілді. Сөзіміз дәлелді болсын деп, «Алға, алға!» атты өлеңінен үзінді алдық: – Жанымен сүйсінтіп, Дос жүрегін семірте, Уу ішкендей күйінтіп, Жау бармағын кемірте…,-десе, келесі бір «Соңғы сағатта» атты өлеңінде: … «Ура»-лап сілкіндіріп көк пен жерді, Көреміз алға басқан қызыл ерді. Әрқашан да «соңғы сағаттан» күт жеңісті, Алыппен азат еткен туған елді» — деп, елін сағынған солдаттың жеңіспен оралатынына сенім білдіреді. Г а з е т б е т т е р і н д е т ы л еңбеккерлерінің де қажырлы еңбегінен де хабарлар беріп отырған. Мыс а лы, «От ан үшін» газетінде «Біздің тылда» (4.01.1943) атты заметкада Гурьев облысындағы балық аулайтын 6 артельдің Ембі мұнайшыларына арнап көптеп балық жібергені «Алға жауға қарсы» газет қызметкерлері. Солдан оңға қарай: әдеби қызметкер А.Закарин, газет редакторы, майор Ж.Аймұратов, әдеби қызметкер Д.Әбілов, кіші лейтенант К.Капишев. Литва, с. Крожи, қазан, 1944 ж. 1100 жұмысшы, инженер-техник қызметкерлер еңбек етті. Құрылыстың жедел жүргізілуімен 1933 жылы 6 қарашада балыққұты комбинаты алғашқы өнімін берді. Кәсіпорынның ашылуына байланысты мекеменің тыныстіршілігінің жылнамашысы «За освоение техники» көптаралымды газеті ашылып, редакторлығына 5 жыл еңбек өтілі бар, ВЛКСМ мүшесі Гусаров тағайындалады. 1932 жылы 15 сәуірінде тұңғыш саны жарық көрген Гурьев аудандық «Ленин жолы» газеті ашылған сәтте Ж.Т.Аймұратов жұмысқа қабылданады. 1933 ж ы л д ы ң 2 9 ш і л д е с і к ү н і өткен Гурьев округтік партия комитетінің бюро мәжілісінде газет тілшісі туралы мынадай жолдар бар: «Ленин жолы» газетінің қызметкері Аймұратов Жолдасқа мінездеме. Туған жылы – 1911. Білімі төмен. 1932 жылдың көктемінен баспасөз саласында, қазақша және орысша сауатты, бірақ тәжірибесі аздау. Басшылық бергенде бөлім меңгерушісі міндетін атқаруға мүмкіндігі бар. Маусымдық ана тілінде балықшыларға арналған басылымды шығарып, оның кең көлемде таралуына Ж.Т.Аймұратов құлшына кірісті. Өлкеміздегі балық өнеркәсібі ғана емес, сан алуан салалы кәсіпорындар жұмысын баспасөз бетінде жан-жақты көрсетіп отырды. Бұл еңбектері үкімет органдары тарапынан аяқтаған соң бес жыл бойы Жолдас Тұрғалиұлы «Отан үшін» («За Родину»), «Алға жауға қарсы» («Вперед на врага») газеттерінің жауапты редакторы болады. 1946 жылдың 1 қазан күні Ж.Т.Аймұратов соғыстан оралған бойда жауапты редактор ретінде қол қойып майдан даласында бес жыл бойы үзбей шығарған көптаралымды газеттерін Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына ескерткішке тапсырған. Оқтың иісі, блиндаждың сыздағы қалған газеттер тігіндісінің алғашқы бетіне сиямен өз қолтаңбасын қалдырыпты: «Гурьев облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, бұрынғы дивизиялық майдандық газеттердің редакторы, запастағы майор Ж.Т. Аймұратовтан! 101-ші жеке атқышт ар б р и г а д а с ы н ы ң , Ка л и н и н , 1-Прибалтика, Забайкальскі майдандарының, ЗабайкальскіАмур әскери округінің майдандық газеттері». Газеттің алғашқы бетіндегі ұшар басында мынадай сөздер бар: «Неміс оккупанттарына өлім келсін! ОТАН ҮШІН / ЗА РОДИНУ! қызыләскерлік газет. 1942 жыл 8 декабрь, сейсенбі, көрсетілсе, «Жаңа мұнайлы скважиналарды бұрғылау » (14.12.1943) атты мақалада Қ ұ л с а р ы п р ом с ы л ы н д а ғ ы бұрғышылардың жаңашылдықпен жұмыс істеп, мол труба мен цементті үнемдегені атап көрсетіліпті. Журналистикадағы талдамалы жанрлардың бірі – баспасөзге шолу. Профессор Т.С.Амандосов айтқандай, «шолудың негізгі міндеті – газет жұмысының бай тәжірибелерін кең тарату болады». Міне, осы міндет тұрғысынан келгенде, «Отан үшін» газетінің 1943 жыл 4 қаңтар күнгі №3 күнгі санында «Газет сыны орнына» айдарымен «Жауынгерлердің жәрдемшісі» атты шолу материалы жарияланыпты. Мақалада аталмыш басылымның әр санын асыға күткен жауынгерлердің қолғанатына айналғанына тоқтала келіп: «Н. бөлімінде шығатын «Отан үшін» газетінің (редакторы – Аймұратов) 6 нөмірі қолымызда отыр. Бұл газет бөлімшедегі жауынгерлерге арналып, қазақ тілінде шығарылады. Газет өз көлеміне қарай көбінесе қысқа, шағын материалдар ұйымдастырады, сол арқылы жауынгерлердің күнделікті ерлік тұрмыстарын қамтып отырады. Сондықтан, газет әрі қызықты, әрі сүйкімді болып көрінеді» деп әр санына қоштау білдірген. Ұ л ы О т а н с о ғ ы с ы жылдарының соңғы кезеңінде Ж.Т.Аймұратов 1-ші Прибалтика майданының майдандық «Алға жауға қарсы» («Вперед на врага») атты газеттің редакторлығына тағайындалады. 1945 жылы Забайка льск-Амур әскери округінің «Дабыл» («Тревога») атты газетінің редакторы болып, милитаристік Жапонияны талқандауға қатысады. Майдандық газеттер – Ұлы Жеңіс жолында қанын төккен қазақ жауынгерлерінің ерлік шежіресі. Әрине, оқ пен оттың арасында газет шығару да оңайға түскен жоқ. Әр жауынгердің сүйікті басылымын көркем де, мазмұнды етіп қолына тезірек жеткізу үшін кейбір баспа құрал-жабдықтарының жетіспей жатқаны да шындық. Қазақстан Ре спубликасы Пре зиденті мұрағатында сақталған мына бір құжат сөзімізге куә: «Секретарю ЦК КП(б)К тов. Скворцову. Политическое управление Калининского фронта. 9.03. 1944 г. № 014256. С ноября 1942 года на Калининском фронте начала выходить казахская фронтовая газета «Алға жауға қарсы». Газета издается большим тиражом, два раза в неделю. Выпущено уже 30 номеров. Фронтовики-казахи читают газету на их родном языке с большой радостью. К числу таких затруднений относятся: отсутствие пишущие машинки для печатания материалов на казахском языке; нехватает также шрифтов казахской орфографий. Начальник Политуправления Калининского фронта генералмайор: М.Дребеднев». Журналист Ж.Т.Аймұратов 1946 жылы қазан айында Қызыл Армияның майор шенінде елге оралады. Омырауында 2 Қызыл Жұлдыз ордені, Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен және «Германияны жеңгені үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Жапонияны талқандағаны үшін», т.б. медальдары жарқырады. Ж.Т.Аймұратовтың ендігі өмірі бейбіт кезде газеттің жұмысына қайта кіріседі, сөйтіп ақтық демі біткенше газет қызметінде болады. 1971 жылы зейнеткерлікке шыққанымен, 1984 жылға дейін газеттен қол үзбеді. Бейбіт күндегі журналистік және баспа ісіндегі еңбегі еленіп, «Еңбек ардагері» және т.б. мерекелік медальдармен марапатталды.

Қылышбай СҮНДЕТҰЛЫ, тарих ғылымдарының кандидаты

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button