Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарМедицина

Қоймада сақталған дәрі-дәрмек қорына қатысты түсінік берілді (+ВИДЕО)

Atr.kz/23 қазан, 2020 жыл. Атырау облыстық денсаулық сақтау ұйымдарының қоймасында сақталған дәрілік заттардың екі айлық қорына қатысты Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.

https://www.facebook.com/oblzdravAtyrau/videos/788979775001591/

«Басқармаға қарасты Атырау қалалық №3 емханасында және «СК-Фармация» ЖШС-ның Атырау облысындағы операциялық қоймасында екі айлық қор толық емес деген ақпарат шықты. Оның ешқандай негізі жоқ. Өйткені, коронавирус инфекциясын емдеу үшін амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге арналған Денсаулық сақтау министрлігінің 666 бұйрығы шыққан болатын.

Соған сәйкес, осы жылдың 20-шілдесінде емдеу тізіміне 3 антикоагулянт пен 2 қызу түсіретін дәрілік препарат енгізілген болатын. Бүгінгі күні оның облыс бойынша 194 460 данасы әкелінген. Яғни, бұл дәрілік заттардың барлығы бастапқы медициналық санитариялық ұйымдардың қоймаларында сақтаулы.  

«Ал Атырау қалалық №3 емханаға келетін болсақ, 53 380 дана дәрілік зат қорында тұр. Айта кетерлігі, пандемияның бірінші толқынында аталған емхана тіркелушілерінің 1 пайызы ғана коронавирус инфекциясына шалдыққан. Осы көрсеткішті басшылыққа ала отырып есептесек, №3 емхананың қоймасында қазір тіркелушілердің 7 пайызына жететіндей дәрілік заттар бар. Емханаға келген топ емханадағы күнделікті дәріні ғана қараған», — деп түсіндірді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау бөлімінің басшысы Нина Оспанова. 

Ал, мониторинг топтың негізгі қоймаға барған кезде дәрілік заттардың болмауы себебін «СК-Фармация» ЖШС-ің өкілі операциялық қоймаға дәрілік заттар тек медициналық ұйымдардың сұранысына сәйкес әкелінетінін алға тартты. Батыс өңірі үшін дәрілік заттың қоймасы Ақтөбе қаласындағы үлкен қоймада сақталады. Атырау облысындағы филиалдың сұранысына сай дәрілер әр аптаның сәрсенбі күні әкелінеді. Ал мониторинг топ қоймадағы дәріні облыстағы ұйымдарға таратып босаған кезіне тап келген. 

«Қордағы дәрі мәселесі көтерілгенде Денсаулық сақтау министрлігі және «СК-Фармация» ЖШС басшылығымен  хабарласып, Атырау облысына тиесілі дәрілік заттарды өңірдегі қоймаға әкеліп қою туралы сөйлескен едік. Бірақ, ол тарап бүгінгі күні Атырау облысындағы емхана мен қоймадағы қажетті дәрілік заттардың жеткілікті екенін алға тартып отыр. Мәселен, кешенің өзінде яғни 21 қазан күні «СК-Фармация» ЖШС қоймасына  35, 6  миллион теңгеге 80 атауы бойынша дәрі әкелінді» , — деді Нина Оспанова.  

Айта кетейік, бұдан бөлек Атырау облысы әкімінің және демеушілік қолдаумен «Іңкәр» ЖШС арқылы 251 миллион теңгеге дәрілік заттар алынған болатын. Бұлар Атырау қаласындағы Геолог емханасының қоймасында сақтаулы. 

Облыста эпидемиологиялық ахуал өршіген тұста медициналық ұйымдарға таратылатын болады.  Сондай-ақ,  «Атырау әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясы» арқылы 500 млн.теңгеге дәрілік заттардың төмендемейтін тұрақтандыру қоры жасақталды.

Қазіргі уақытта бөлшек саудамен айналысатын дәріханалар үшін пандемияның екінші толқынына 2-3 айлық дәрілік заттардың қоры «Іңкәр» ЖШС қоймасында сақтаулы. Індет басталған кезде аталған дәрілік заттар облыстың дәріханаларына таратылып, тұрғындарды қамтамасыз ететін болады.

«Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button