Жарнама
Жаңалықтар

Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін жаңа айыппұл күшіне енді

7 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске әдепсіз сөздер айтқаны үшін жазаны қатайтатын түзетулер күшіне енеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді балағат сөздер айтқан адамдар 69 000 теңге (бұрын 17 250 теңге болатын) айыппұл арқалайды немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

Сонымен балағат сөз айтқаны үшін жауапкершілік қаншалықты күшейді?

Осы жылдан бастап ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жаза күшейтіледі. Мәселен, автобуста біреу балалардың немесе аға буын өкілдерінің көзінше, яғни қоғамдық орында, айналасындағыларды сыйламай, қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан жағдайда, оған 17 250 теңге айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынады.

6 наурыздан бастап мұндай әрекеттер үшін 20 АЕК (69 мың тенге түріндегі жаза) айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.

Біреу мені жай ғана балағаттады деп айтса, айыппұл салына ма?

Әрбір өтініш бойынша полиция қызметкерлері дәлелдемелер жинайды. Бұл азаматтардың өтініші, куәгерлердің айғақтары, сонымен бірге құқық бұзушылықтың аудио, бейнетүсірілімі, қажет болған жағдайда сарапшының қорытындысы болады. Құқықтық бағаны сот береді.

Үйде, көлікте айтылған балағат сөздер үшін де жазалай ма?

Атап өткенімдей, бәрі мән-жайға байланысты. Ұсақ бұзақылық бойынша жауапкершілікке тарту үшін қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, айналасындағыларды сыйламау, сонымен бірге қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу – міндетті шарт.

Әлеуметтік желідегі балағат сөздер қандай баппен қаралады?

Әлеуметтік желілерде балағат сөздер айтқаны үшін, егер мұндай әрекеттер қоғамдық орындарда немесе айналасындағылардың, азаматтардың тыныштығын бұзса, бұл ұсақ бұзақылық бабымен қарастырылады.

Қай тілдегі балағат сөздерге айыппұл салынады?

Жалпы жоғарыда аталған жағдайлар болған кезде қай тілде болмаса да балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілік бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button