Жарнама
Жаңалықтар

Қиғаш өзенінің суы молаюда

Қиғаш өзенінің деңгейі Шортанбай гидро бекетінде бір тәулікте 23 сантиметрге көтерілген. Котяевкада — 16 см, Ганюшкинода 7 сантиметрге артқан.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары мәлімдеді.

Ал Волгоград су қоймасынан секундына 19 670 текше метр су жіберілуде.
БҚО-дан келетін су есебінен Жайық өзені Индербор кентінде — 7 см, ал Махамбет пен Атырау қаласындағы гидропосттарда 5 сантиметрге көбейген. Иректі су қоймасынан секундына 294 текше метр су жіберілуде.
Сондай-ақ Жем өзенінің суы бір тәулікте 5 сантиметрге азайып, жалпы деңгейі 174 сантиметрді құрады.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button