Жарнама
Жаңалықтар

«ҚазжолҒЗИ» батыс өңірлердің жолшыларын жол саласының озық технологияларымен таныстырды

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты ҚР ИИДМ автожол комитеті мен Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен Батыс өңірінің жол мамандары үшін «Қазақстан Республикасының жол саласының прогрессивті технологиялары» атты семинар өткізілді.

Оқуты шарасына жол ұйымдарының 60-қа жуық өкілдері мен қызметкері қатысты. Семинар барысында ғалымдар жол негізін нығайту, геосинтетикалық материалдарды, химиялық қоспаларды және т. б. қолдану бойынша инновациялық технологияларды енгізу тақырыптарын ашты.

Сондай-ақ, курс аясында көтерілген Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының жол инфрақұрылымын жақсарту тақырыбына жергілікті атқарушы органдар айтарлықтай қызығушылық танытты.

«Бұл семинар мердігерлер, әкімдіктер мен жаңа жол-құрылыс материалдары мен технологияларын жеткізушілер арасында қажетті коммуникацияларды орнату үшін жақсы алаңға айналды», — деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ » АҚ жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялар департаменті директорының м.а. Асел Нугманова.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстанның батыс өңірлеріндегі жолдардың сапасын бірнеше рет сынға алған болатын. Өткен жылдан бастап ғылыми-зерттеу институттың жүйелі түрде ұйымдастырылатын салалық кездесулері, курстары мен семинарлары білім мен тәжірибе алмасу үшін жақсы алаңға айналып қана қоймай, қазақстандық жол құрылысшыларының құзыреттілік деңгейін тиімді арттыруға ықпал еткенін атап өту қажет.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button