200324105602959a3628749i

Қазақстанның танымал әртістері Президенттің #Birgemiz хештегіне қолдау көрсетті

Жаңалықтар

Atr.kz/24 наурыз, 2020 жыл.  Таяуда ғана Qazaq Republic жобасының авторы, дизайнер Сәкен Жолдас #birgemiz хештегімен арнайы маска жасаған болатын.


Оны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жарияланымдарында қолданды және ол әлеуметтік желіде өзге қолданушылар арасында да танымал болып келеді.
Қазақстанның танымал әртістері мен блогерлері де Президенттің #BIRGEMIZ хештегіне қолдау көрсетіп, әлеуметтік желілерде дизайнерлік маскамен түскен суреттерін жаппай бөлісіп жатыр.

Флешмобқа қатысушылар арасында танымал әншілер Сәкен Майғазиев, Айқын, Айдар Тұрғамбек, Зарина Омарова, Мөлдір Әуелбекова, журналист әрі «Team Qazaqstan» қозғалысының көшбасшысы Асхат Садырбай, футболшы Елдос Ахметов, тележүргізушілер Әйгерім Есенәлі, Джиу-джитсу қауымдастығының атқарушы директоры Санат Шапашов сынды азаматтар бар.

«Қазақстанның танымал азаматтары коронавирус індетінің таралуының алдын алу мақсатында жариялаған жарияланымдарында қазақстандықтарды сабыр сақтап, бір-біріне қамқорлық танытуға шақырады» деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған