Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің өңірлерінде 3 қаңтар күні болатын күн райына болжамын жариялады.
Кәсіпорынның болжамына қарағана, 3 қаңтар күні Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
3 қаңтарда Қостанай облысының солтүстік жартысында таңертең және күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетежі.
Қостанайда 3 қаңтарда таңертең және күндіз бұрқасын болады.
3 қаңтарда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеі.
Қарағандыда 3 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 16 м/с-ке жетеді.
3 қаңтарда Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Қызылордада 3 қаңтарда кей уақытта тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсед.
Шымкентте 3 қаңтарда кей уақытта тұман түседі.
3 қаңтарда Абай облысының солтүстігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с.
Семейде 3 қаңтарда бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
3 қаңтарда Павлодар облысында бұрқасын соғады. Батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Павлодарда 3 қаңтарда бұрқасын соғады. Батыстан жел соғады, түнде жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетеді.
3 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с.
Өскемендет3 қаңтарда бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
3 қаңтарда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Атырауда 3 қаңтарда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
3 қаңтарда Ақмола облысының түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-кежетеді.
3 қаңтарда түнде Қостанай облысында ауа температурасы — 23-28 градусқа дейін тқмендеід.
3 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасының 25-30 градус аязға дейін күрт төмендейдә.
3 қаңтарда түнде Ақмола облысында ауа температурасының 21-26, облыстың оңтүстік бөлігінде 13-18 градусқа дейін күрт төмендейді.
Астанада 3 қаңтарда түнде ауа температурасы 15-17 градус аяз болады. 3 қаңтарда түнде Павлодар облысында 20-25 градусқа дейін аяз болады.
3 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғып, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Петропавлда 3 қаңтарда түнде 26-28 градусқа дейін аяз болады.
2-04 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 2-4 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 2 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, 03-04 қаңтарда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 03-04 қаңтарда тұман күтіледі. 02 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.
Kazinform.kz