Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Қазақстандықтарға емханаға тіркелудің үш түрлі жолы ұсынылып отыр

atr.kz/21 қыркүйек, 2020 жылЕлімізде 2020 жылғы 15 қыркүйектен бастап тұрғылықты аумағы шегінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымын (МСАК) еркін таңдау бойынша жыл сайынғы науқан басталды.

Әрбір тұрғын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін тіркелуге мүмкіндігі бар.

Дәрігердің тіркелген пациентінің денсаулығын тұрақты бақылауында ұстауы үшін емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерден таңдау ұсынылады. Бұл жағдайда емхана дәрігерлері қажет болғанда пациенттердің үйіне бара алады, яғни пандемия кезінде бұл мәселе маңыздылығын көрсетті.

Науқан кезінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымына тіркелген азаматтар медициналық көмекті 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды. Бұл ретте медициналық ұйым қормен алдағы жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әдеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасасуы тиіс.

Тіркелу науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар шегінде тұрғындар бөлінуін ескере отырып, 2021 жылға арналған қаржыландыру жоспарланады. МӘМС қоры деректер базасының абсолютті дұрыстығына мүдделі, өйткені әрбір тіркелген тұрғын үшін медициналық ұйымдарға ай сайын жан басына шаққандағы қаржыландыру төленеді.

Емханаға тіркелудің 3 жолы бар. Қазақстандықтар емханаға тіркелудің үш түрлі жолын пайдалана алады.

  1. Электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимде
  2. Халықтың жекелеген санаттарына таңдап алған емханаға тікелей бару арқылы
  3. Telegram-дағы  egovKzBot2.0 арқылы тіркелуге болады.

Электрондық үкіметтің www.e.gov.kz веб-порталы арқылы тіркелген  кезде электронды цифрлық қолдың болуы  арқылы тіркеу жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау бөлімінде «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Емхана пациент туралы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Операция сәтті болған жағдайда азаматқа медициналық ұйымның электронды цифрлық қол қойылған электрондық құжат түрінде тіркеу туралы хабарлама беріледі.

Халықтың жекелеген санаттары таңдап алған емханаға тікелей бару арқылы тіркеле алады. Ол үшін еркін нысандағы өтініш жазу мен жеке басын куәландыратын құжатты беруі қажет. Бұл санаттарға зейнеткерлер, мүгедектер, заң бойынша бала кезінен мүгедекке тағайындалған қамқоршылар, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер; колонияларда (өтеу орны бойынша) жазасын өтеп жатқан сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтін адамдар жатады.

Тіркеу науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызмет көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізілетінін атап өтеміз. Тіркелу үшін қолжетімді емханалардың тізімімен МӘМС Қорының www.fms.kz сайтында «Емхананы таңдау» бөлімінен танысуға болады.

         Осы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтар бұрын бекітілген емханада медициналық көмек алуды жалғастырады.

          Қыркүйек айындағы жағдай бойынша 8 мыңнан астам адам медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымына тіркелмеген күйінде қалып отыр. Медициналық көмекке қол жеткізе алмай қалмау үшін оларға тікелей тұрғылықты жері бойынша емханада немесе ЭЦҚ арқылы электрондық үкіметтің веб-порталында тіркелу мәртебесін тексеру ұсынылады.

         Естеріңізге сала кетейік, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет. Сақтандыру мәртебесін Электрондық үкімет порталында, МӘМС Қоры сайтында және Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы білуге болады.

Егер отбасы мүшелері өздігінен емхананы таңдай алмаса, (балалар, мүгедектер, егде жастағы азаматтар т.б), ата-ана немесе асыраушысы тиісті төлқұжатпен келіп, тіркелуге құқығы бар. Тұрғын өзі таңдаған клиникаға 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бара алады. Биыл жыл біткенше бұрынғы емханадан қызмет алуды жалғастыра береді. Сонымен қатар кез келген тұрғын жылына бір рет өз мекенжайы аумағында тіркелген емханасын ауыстыра алады. Бір айта кетерлігі, тіркеу науқаны тегін медициналық көмек және әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қызмет көрсетуден үміткер Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорындағы медицина ұйымдарының арасында ғана өткізіледі. Ол үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтындағы «Клиника таңдау» бөлімі арқылы мәліметтермен танысуға мүмкіндік бар.

Қазіргі таңда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалы халыққа тегін медициналық санитарлық алғашқы көмек көрсететін 20 медициналық ұйыммен келісім шарт орнатқан, оның ішінде 5 жеке меншік мекеме бар. Бұдан бөлек, тағы 3 жеке меншік клиника 2020 жылғы тіркелу дерекқорына қатысуға ниет білдіріп отыр.

Әйгерім ӘБІЛХАТҚЫЗЫ,

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының

Атырау облыстық филиал директорының орынбасары

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button