Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы туындылары көпті елең еткізді

«Біз балалардың шығармашылығын ояту үшін осындай көрмелер ұйымдастырамыз. Бұл – ұлттық қолөнер мен мәдениетімізді насихаттаудың бір жолы», – дейді D’Art’lux тігін цехінің басшысы Нұргүл Байдуллиева.

Балықшыдағы №57 референдум учаскесі орналасқан облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының алдында Нұргүл өз цехынан шыққан «Қуыршақтар әлемі» атты көрме ұйымдастырып отыр.

Шынында да қуыршақ бейнеленген футболкалардың бірегейлігі ерекше назар аударады. Әр футболкаға қосымша түрлі-түсті киімдер беріледі, бұл балаларға қуыршақтың киімін қалауы бойынша өзгертуге мүмкіндік береді. Балдырған қыздар өздерінің киім үлгілерін жасап, шығармашылықпен айналыса алады.

– Бұл – Қазақстандағы алғашқы туынды. Жәрмеңкеге көңілге қонымды баға қойылды, осылайша біз балалардың қызығушылығын арттыруды мақсат етеміз, — дейді Нұргүл.
«Қуыршақтар әлемі» көрмесі тек балалар емес, барлық келушілерге де қуаныш сыйлап, ұлттық қолөнер мен шығармашылықтың маңызын паш етіп отыр.


Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button