Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болды

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы бұйрығына сәйкес кәсіби мерекелер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізілді.

Жаңа бұйрыққа сәйкес, тізімге келесі кәсіби мерекелер қосылды:

28 қаңтар – Қаржы мониторингі органдары күні;

Шілденің бірінші жексенбісі – Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні;

Қыркүйектің екінші жексенбісі – Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні;

2 қазан – Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні;

Қазан айының соңғы жексенбісі – Автокөлік қызметкерлері күні;

Қазан айының соңғы жексенбісі – Жол саласы қызметкерлерінің күні;

10 қараша – Бухгалтерлік есеп және аудит қызметкерлерінің күні;

13 желтоқсан – Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің күні.

Сонымен қатар, тамыз айының бірінші жексенбісінде атап өтілетін Көлік қызметкерлері күні Теміржол көлігі қызметкерлері күні болып өзгертілді.

Ал кейбір кәсіби мерекелер тізімнен алынып тасталды. Олардың қатарында:

Ұлттық баспасөз күні – 2 ақпан;

Радио күні – 1 қазан.

Министрліктің ресми мәліметіне сәйкес, аталған бұйрық 2025 жылдың 3 ақпанынан бастап заңды күшіне енеді.

Айта кету керек, жаңа өзгерістер салалық мамандардың еңбегін лайықты бағалау және кәсіби қоғамдастықтың дамуына қолдау көрсету мақсатында енгізілген.

Қ.ШӘКІРОВ

Сурет: freepik.com

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button