Жаңалықтар
Қазақстанда «тірі» ақша көлемі артуда
Елімізде биылғы бірінші жартыжылдықта банкоматтардан алынған қолма-қол ақша көлемі 11,9 трлн. теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы 10,7 трлн. теңгеден жоғары көрсеткіш.
TengeLife ақпаратық ресурсындағы мәліметке сүйенсек, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, қолма-қол ақшаны алу қарқыны бір жыл ішінде 3,4%-дан 11%-ға дейін өсті.
Сарапшылардың айтуынша, бұл өсім ақша аударымдарын фискализациялау туралы ақпараттық шараларға және 2024 жылға арналған жалпыға ортақ декларациялауға байланысты болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша айналымының жалпы көлемі 3,9 трлн. теңгеге жетіп, 12%-дан асты.
Әр қазақстандыққа шамамен 194 200 теңге қолма-қол ақша тиесілі.