200819104540668e

Қазақстанда тиімді несиемен жаңа автокөлік алатын мүмкіндік туды

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/19 тамыз, 2020 жыл. Жаз айларына қарай елімізде 3,88 млн автомобиль тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,9 пайызға көп.

Еліміздің автопаркінің үштен екіге жуығын шығарылғанына 10 жылдан асып кеткен ескі көліктер құрайды. Ал зауыттан шыққанына 3 жыл бола қоймаған автомобильдердің саны еліміздегі жалпы көліктердің небәрі 10,9 пайызын құрап отыр. 3-7 жыл аралығында көліктердің үлесі – 15,2 пайыз, 7-10 жыл аралығындағы көліктердің үлесі – 6,4 пайыз. Жаңа көлік сатып алғысы келетін қазақстандықтарға банктер арнайы несие өнімдерін ұсынады.

Еліміздегі несие беретін ең ірі 10 банктің арасында 5 екінші деңгейлі банк (ЕДБ), атап айтқанда Еуразия банкі, ЦентрКредит банк, Халық банкі, АТФ банкі және Сбербанк жалақы жобасынан тыс жаңа автомобиль сатып алуға автонесие ұсынады. Бұл ретте, Сбербанк жылдық ең төменгі тиімді ставканы – 19,4, Халық банкі – 21,2, ал ЦентрКредит банкі 21,9 пайыз мөлшерінде ұсынады.

Жаңа автомобиль құнының 10 пайызы мөлшерінде ең төменгі алғашқы жарнаны Сбербанк пен Еуразия банкі талап етеді. Ал бұл мөлшер ЦентрКредит банкі, Халық банкі және АТФ банкінде 20 пайызды құрайды. Берілетін займ сомасы үш банкте нақты көрсетілген: Халық банкі мен Еуразия банкінде – 30 млн теңгеге дейін, АТФ банкінде – 15 млн теңгеге дейін. Займды өтеу мерзімі 36 айдан бастап 84 айға дейінгі аралықты қамтиды.

«ranking.kz»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған