Жарнама
ЖаңалықтарБілім

Қазақстанда тәжірибелі IT-мамандар дәріс оқуға тартылады

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жазды» деп хабарлайды Atr.kz

Нарықта жұмыс тәжірибесі мол IT-мамандары студенттерге сабақ бере алады.

«Цифрландыру саласындағы мамандар ЖОО-лардың IT  бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын саралайтын болады. Берілген ескертулер мен ұсыныстарды жоғары оқу орындары жұмыс барысында пайдаланады.

Ол ескертулер профилактикалық бақылауға, тіпті қажет болған жағдайда лицензиядан айыру бойынша шешім қабылдауға негіз болуы мүмкін.

Айти-саласындағы жұмыс берушілер мен бейінді министрлік өкілдері бірігіп университеттерге болашақ мамандарды даярлау бойынша кәсіби стандарттарды ұсына алады.

Елімізде 80-нен астам жоғары оқу орны IT бағыты бойынша болашақ кадрларды даярлап жатыр.

IT бағыты бойынша білім беретін оқытушының ғылыми дәрежесі болуы шарт емес және ол жоғары оқу орындарының штаттағы қызметкері болуы да міндетті емес.

Қазіргі таңда жай ғана дипломның болуы жеткіліксіз, ендігі кезекте біліктілік санаты және мамандарды сертификаттау – жұмысқа қабылдаудың маңызды шарты болуы керек» делінген постта.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button