Қазақстанда тәулігіне 1 млн медициналық маска шығарылатын болады
Atr.kz/23 наурыз, 2020 жыл. Қазақстанда тәулігіне 1 млн дана медициналық маска шығарылатын болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.
«Тағы бір сауал eGov.kz электронды үкімет порталындағы шулы картаға қатысты болып отыр. Кеше ол дүрбелең тудырды. Өйткені, көпшілігі оны вирустың таралу картасы екен деп түсініп қалған. Ал іс жүзінде ол жерде негізінен коронавируспен ауырғандармен байланыста болған адамдардың саны көрсетілген еді. Олардың барлығы да медициналық бақылаудан өткен. Ешқайсысынан коронавирус инфекциясы табылмаған. Даурығуға еш себеп жоқ. Қазіргі уақытта карта барынша түсінікті болуы үшін жетілдіріліп жатыр», — деді Дәурен Абаев.
кетейік, кеше eGov.kz электронды үкімет порталында елімізде коронавирустың таралуын, оның ішінде халық үшін қауіпті аймақтарды көрсететін карта пайда болған еді.
ATR-АҚПАРАТ