Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда пәтер мен үй сатылымы айтарлықтай өсті

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату белсенділігі айтарлықтай артты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Биыл шілде айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 39 742 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша – 8 465, пәтерлер бойынша 31 277 мәміле жасалды. Бұл көрсеткіш 2025 жылғы маусым айымен салыстырғанда 19,4%-ға жоғары (маусымда – 33 273 мәміле тіркелген).

Мәміле саны бойынша Астана мен Алматы қалалары, Қарағанды облысы көш басында тұр.

Ал ең аз тұрғын үй мәмілесі тіркелген өңір – Ұлытау облысы. Мұнда бар болғаны 247 мәміле жасалған.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай өсім маусымдық факторлармен қатар, тұрғындардың тұрғын үйге деген сұранысының артуымен де байланысты. Сондай-ақ ірі қалалардағы инфрақұрылым мен жаңа тұрғын үй кешендерінің көптеп салынуы да әсер етуі мүмкін.

Қ.ШӘКІРОВ

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button