
Атырауда коронавирустан жазылғандар саны 72 пайызға жетті (+ВИДЕО)
Atr.kz/5 тамыз, 2020 жыл. Қазіргі уақытта Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 72 пайызы емделіп шыққан. Яғни, КВИ сырқатымен тіркелген 10 383 науқастың бүгінде 7458-і құлан таза сауығып шыққан, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
«Бірақ, бұл нәтижеге босаңсуға болмайды. «Екінші толқынға» дайындықты күшейтуіміз керек. Дәрі-дәрмек, басқа да ұйымдастыру шараларын қабылдауымыз қажет. Онымен бірге ауруханалардағы жоспарлы емдеуді үш-төрт күнде бастаймыз. Тек қана коронавирус емес, басқа да есепте тұратын науқастар күнделікті емін алуы тиіс»,- деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы — 331
Алматы қаласы — 50
Шымкент қаласы — 43
Ақмола облысы — 102
Ақтөбе облысы — 10
Атырау облысы — 46
Шығыс Қазақстан облысы — 836
Жамбыл облысы — 15
Батыс Қазақстан облысы — 51
Қарағанды облысы — 19
Қостанай облысы — 69
Қызылорда облысы — 40
Маңғыстау облысы — 71
Павлодар облысы — 16
Солтүстік Қазақстан облысы — 189
Түркістан облысы — 11
Қазақстан бойынша жазылғандар саны — 67 031.