Баннер 9 мая от газеты Атырау

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қандай?

f973a21b392a98ba2ca9a75841352a2a original.494156 Жаңалықтар

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 686 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 851 теңге, базалық зейнетақы – 37 835 теңге.

1 мамырдағы жағдай бойынша елімізде 2 миллион 297 мың зейнеткер тұрады.

«Жыл басынан бері 1 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді, оның 337,4 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 761,5 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыны төлеуге бағытталды», – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалады.

Бұған дейін БЖЗҚ қазақстандықтардың есепшотына қызмет көрсеткені үшін комиссияны қысқартатыны белгілі болған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз